«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында бірыңғай қабылдау күні өтті

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында бірыңғай қабылдау күні өтті

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында бірыңғай қабылдау күні өтті
ашық дереккөзі
Бүгін, 5 ақпанда таңғы сағат 10.00-ден бастап «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға бірыңғай қабылдау күнін өткізді. Шараға «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының «Қоғамдық қабылдау» бөлімінің меңгерушісі Джайлыбаев М.С., облыстық денсаулық сақтау басқармасынан Телебаев Т.М, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан Ахметжанова К.Х., №1 Ақтау қалалық емханасының дәрігері Сүйесінова К.К. Ақшұқыр дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері Койшыгулова Ф.С., «Ясин» емханасының дәрігері Коптлеуова А.С. қатысып, азаматтардың мәселелерін шешуге ат салысты. Қабылдауға жалпы саны 12 адам келді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар және қамқоршылар материалдық және дәрі-дәрмекпен көмектесуді сұрады.  width= Мәселен, қабылдауға келген тұрғындардың ішінде Қайыпназарова Қ. және Бердібаева Ж. балаларының денсаулық жағдайына байланысты квота алуға көмек сұрады. Бұл мәселелер бойынша, азаматша Қайыпназарованың мәселесі оң шешімін тауып, квота иеленді. Ал Бердібаеваның мәселесі бойынша порталға тіркеуге келісіліп, материалдық көмек алу үшін 28-ақпанда өтетін облыстық «Nur Otan» партиясы мәслихаттағы депутататтық фракция мүшесі Кетебаев Атқосшының қабылдауына жазылды. Көмекке зәру тұрғындардың бірі Сақтағанова М. ұлына ауыр диагноз қойылып,  бүгінде жан сақтау бөлімінде жасанды жолмен тыныс алатынын айтты. Азаматша ұлын Нұр-Сұлтан немесе Алматы қалаларына апарып ота жасатуға көмек сұрады. Бұл мәселе жөнінде Джайлыбаев М. және Телебаев Т. Бүгін сағат 17. 00-де Маңғыстау облыстық ауруханасына барып, нәрестеге қажетті көмектің көрсетілуін қамтамасыз ететіндігін айтты. Қабылдауға Жаңаөзен қаласының тұрғыны Қияшова А. қатысып, 2011 жылы туылған баласы Әлімжан Дамирге көмек қажеттігін айтты. Ұлының диагнозы «Ювенилді идиопатиялық артрит» болғандықтан, дәрі-дәрмегіне ауқымды қаражат қажет. Айына алатын бір екпесінің  өзі  1млн. 200 мыңды құрайды. Сирек кездесетін ауру  болғандықтан, емге қажетті екпелер тегін дәрілер қатарына жатпайды. Осы мәселе бойынша былтыр облыс әкімінің көмегімен, 1 айға екпесі алынған болатын. Алайда, Астана қаласының дәрігерлері тағайындаған жаңа  екпеге 3 млн. теңге қажет. Осы мәселе бойынша бұдан бұрын облыстық мәслихат депутаты Аббат Өрісбаевтың қабылдауына кіріп, депутаттық сұраумен хат жазылған.  Азаматшаның мәселесі тағы да назарға алынды. Қабылдауға келген азаматтардың барлығына жауап беріліп, мәселесі шешілгенше партияның бақылауында болатындығы айтылды.