«Серпін» және шеберлер ошағы
Túrkistan газетінің қандастарға арналған АTAJURT жобасы аясында солтүстік өңірге арнайы іссапармен барып, ондағы қандастардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік.
Солтүстік Қазақтан өңірі – еліміз үшін маңызды аймақтың бірі. Көршілес Ресей Федерациясының Омбы, Түмен, Қорған облыстарымен шекаралас жатыр.
Шеттен келген ағайын солтүстік өңірдегі маман тапшылығын жоюға зор мүмкіндік тудырып отыр. Соның ішінде арнаулы орта білімі бар жұмысшы мамандарға деген тапшылық азайып келеді. Екінші тіл мен ұлттық мәдениеттің алға басуына және аймақтағы демографиялық теңсіздігін азайтуға тың серпін беруде.
1991 жылдан бері 3 211 отбасы (1 2739 адам) қандастарымыз көшіп келген. Әр ауылда 5-10 отбасы орналасқан.
Қызылжар, Есіл аудандарына арнайы барып, тұрғындардың жай-күйін көзбен көріп қайттық. «Серпін» бағдарламасы бойынша баспана алған ауыл тұрғындарының үйлерінде мал ұстауға арналған қора мүлде жоқ. Ал тұрғындар қораны өздері салып алайын десе, үйді салу мақсатында берілген жер телімінде ондай қора салу қарастырылмаған дейді. Бұл мәселе қазір әр ауылдағы азаматтарды толғандырып отыр. Олар ауылдық жерде мал шаруашылығымен айналысқысы келеді. Бірақ үйінің қасында қора болмауы бұған айтарлықтай кедергі келтіруде.
Айдалада ақ отау, мал қорасы жоқ отау
Ағаш шебері Жалын Серiкжан 2014 жылы ҚХР Іле Қазақ автономиялы облысы Күнес ауданынан СҚО Есіл ауданы Бірлік ауылына көшіп келген.
Жалын Серiкжанның айтуына қарағанда, Қытайда кәсіпкерлерге несие беру арқылы кәсіпкерді өкіметке тәуелді қылып қояды. «Сондықтан кәсіпкер аз болса да өз қаражатымен кәсіп бастау қажет, несиенің өсімі кәсіпті дамытпайды. Сондықтан да кәсіпкер Үкіметке жалтақтай бермей, кәсіпті өз күшімен бастауы қажет», – дейді Жалын Серiкжан.
"Барады көшіп аулым Қызылжарға..."
"Ассалаумағалайкум Дәуіт пірім" деп кіретін едік мұндай ұстаханаға енгенде.
Бір қызығы бұл жақтың адамы түгіл,
иті Петр де қазақша айтқанды түсінеді.
"Шебердің қолы ортақ". Сый - редакция төрінен орын алды.
Материалды дайындаған Бақытбек ҚАДЫР,
Суреттер автордыкі.