Солтүстікке сапар

Солтүстікке сапар

Солтүстікке сапар
ашық дереккөзі

«Серпін» және шеберлер ошағы

Túrkistan газетінің қандастарға арналған АTAJURT жобасы аясында солтүстік өңірге арнайы іссапармен барып, ондағы қандастардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік.

Солтүстік Қазақтан өңірі – еліміз үшін маңызды аймақтың бірі. Көршілес Ресей Федерациясының Омбы, Түмен, Қорған облыстарымен шекаралас жатыр.

Шеттен келген ағайын солтүстік өңірдегі маман тапшылығын жоюға зор мүмкіндік тудырып отыр. Соның ішінде арнаулы орта білімі бар жұмысшы мамандарға деген тапшылық азайып келеді. Екінші тіл мен ұлттық мәдениеттің алға басуына және аймақтағы демографиялық теңсіздігін азайтуға тың серпін беруде.

1991 жылдан бері 3 211 отбасы (1 2739 адам) қандастарымыз көшіп келген. Әр ауылда 5-10 отбасы орналасқан.

 width=

 Қызылжар, Есіл аудандарына арнайы барып, тұрғындардың жай-күйін көзбен көріп қайттық. «Серпін» бағдарламасы бойынша баспана алған ауыл тұрғындарының үйлерінде мал ұстауға арналған қора мүлде жоқ. Ал тұрғындар қораны өздері салып алайын десе, үйді салу мақсатында берілген жер телімінде ондай қора салу қарастырылмаған дейді. Бұл мәселе қазір әр ауылдағы азаматтарды толғандырып отыр. Олар ауылдық жерде мал шаруашылығымен айналысқысы келеді. Бірақ үйінің қасында қора болмауы бұған айтарлықтай кедергі келтіруде.

 width= Есіл ауданы Чириковка ауылы

Айдалада ақ отау, мал қорасы жоқ отау

 width= Біз арнайы барған сапарымызда Есіл ауданы Чириковка ауылына Қытайдан 6 отбасы көшіп келіп жатқанына куә болып, «құтты қоныс» тіледік.

 width=

 width= Серікжан Қабыланұлы және Жалын Серікжан.

Ағаш шебері Жалын Серiкжан 2014 жылы ҚХР Іле Қазақ автономиялы облысы Күнес ауданынан СҚО Есіл ауданы Бірлік ауылына көшіп келген.

 width= Жалын Серiкжан оқуын Алматыда бітірген соң қалада әртүрлі жұмыс істепті. Қалалы жерде айлық шайлыққа жету қиын дейді шебер.

 width= "Кәсіптің кілті несие емес"

Жалын Серiкжанның айтуына қарағанда, Қытайда кәсіпкерлерге несие беру арқылы кәсіпкерді өкіметке тәуелді қылып қояды. «Сондықтан кәсіпкер аз болса да өз қаражатымен кәсіп бастау қажет, несиенің өсімі кәсіпті дамытпайды. Сондықтан да кәсіпкер Үкіметке жалтақтай бермей, кәсіпті өз күшімен бастауы қажет», – дейді Жалын Серiкжан.

 width=

 width= Отағасы Серікжан Қабыланұлы Қытай елінен 2019 жылы елге көшіп келген.

 width= Солтүстіктің серісі Аманжол Зағыпарұлы "ауылдың алты ауызын" бастады.

 width= Жалын шебер жырдан да кенде емес екен.

 width=   width= Қонақ кәде сұрған сәтте іркіліп қалмадық...

"Барады көшіп аулым Қызылжарға..."

 width= Серікжан шебердің жұбайы жасаған дөңгелек дастарқан.

 width=Серікжан Қабыланұлы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы СҚО бөлімінің жетекшісі, Арман Сүйіндіков, ақын Аманжол Зағыпарұлы және Жалын Серікжан.

 width= Серікжан отбасы Солтүстік өңірге көшіп келгендеріне дән риза.

 width= Ұстаханада ағаштан жасалған бұйымдардың түр-түрі самсап тұр. Еліміздің әр өңірінен тапсырыстар алады. Сұраныс мол. Шеберхананың табысы бір отбасын асырап қана қоймай, ұлттық өнерді дамытуға да үлесі зор.

 width= Шеберлер ұстаханасы

"Ассалаумағалайкум Дәуіт пірім" деп кіретін едік мұндай ұстаханаға енгенде.

 width= Ет түсіретін астаудың жасалу барысы.

 width=

 width= Жас ағаштан ойылып жасалған саптаяқтар әбден кептірілген соң тұзды суға қайнатылады...

 width= Жалынның суретшілік қыры...

 width= Көңілге ой салатын бейнелер...

 width= Жалын шебердің Петр деген алғыр тазы иті.

Бір қызығы бұл жақтың адамы түгіл,

иті Петр де қазақша айтқанды түсінеді.

 width= Шеберлер отбасымен қимай қоштастық.

 width=Túrkistan  газетініне Жалын Серікжанның тәбәрік тартуы.

 width=

"Шебердің қолы ортақ". Сый - редакция төрінен орын алды.

 

Материалды дайындаған Бақытбек ҚАДЫР,

Суреттер автордыкі.