Қазақстан доллардың өсуінен ТМД бойынша үшінші орынға шықты

Қазақстан доллардың өсуінен ТМД бойынша үшінші орынға шықты

Қазақстан доллардың өсуінен ТМД бойынша үшінші орынға шықты
ашық дереккөзі

2016 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша еліміз АҚШ валютасының өсу көрсеткіші жөнінен ТМД елдерінің ішінде үшінші орынға шықты. Бұл туралы Svopi.ru хабарлады.

Рейтингте бірінші орында Тәжікстан, ал екінші орынды Белоруссия тұр. 2016 жылдың қаңтар айы бойынша мәліметте беларусьтың ұлттық валютасына деген қатынасында АҚШ долларының бағамы айтарлықтай өскен: 12,4 пайыз. Бұл көрсеткіш бойынша Белоруссиядан Тәжікстан алда тұр, бұл елде америкалық доллар 12,9 пайызға өскен. Үшінші орынды Қазақстан алып отыр, еліміздің қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валютасының 7,46 пайызға өсуі тіркелген. Алайда тұтыну бағасы бойынша Қазақстан 13,6 пайызбен екінші орынды алып отыр. Молдовада да дәл осындай көрсеткіш тіркелді. 43,3 пайыз өсіммен Қазақстаннан Украина алға шықты, ал үшінші орында – Ресей (12,9 пайыз).