Солтүстік Қазақстан облысында боран соғып, жолдар жабылды
Солтүстік Қазақстан облысында боран соғып, жолдар жабылды
Боран, көктайғақтың салдарынан «Жезқазған-Петропавл» тас жолының Ақмола облысы мен Новоишимка елді-мекеніне дейінгі аралық, «Екатеринбург-Алматы» тас жолының Қостанай және Ақмола облыстарының шекарасына дейін және «Көкшетау-Рузаевканың» Саумалкөл мен Рузаевка аралығы жабылды. Жолдарды қар алып қалуына байланысты Есіл және Ғ.Мүсірепов аудандарының аумағында жергілікті атқарушы органдар, ЖШС және құтқарушылар 5 жеңіл көлікті эвакуациялады. Оларда 12 жолаушы болған, ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. 4 ақпан кешқұрым Ғ.Мүсірепов ауданында «Екатеринбург-Алматы» жолының Тоқсан би ауылының маңында МАN маркалі машина жол шетіне түсіп кеткен. СҚО ТЖД мамандары, жергілікті атқарушы органдар және ДЭУ-66 кәсіпорнының көмегімен жүк көлігін шығарып, ол жолын жалғады.