Коронавирус: Қытаймен шекара ашылмаса, елде дағдарыс болуы мүмкін

Коронавирус еліміздің экономикасына да елеулі әсер етуде. Қытайдан тауар әкелетін кәсіпкерлердің ісі тоқтағалы тұр. Сарапшылар бизнесмендер банкрот болады деп болжайды.

AstanaTV арнасының хабарлауынша, Алматыда автокөлік бөлшектерін сататын кәсіпкерлер бір ай бойы тауар әкеле алмай отырғанына, шығыны көбейгеніне шағым айтқан.

Экономист Арман Бейсенбаев: «Көрші елдегі ахуал ақпанның ортасына дейін тұрақталмаса, елде дағдарыс болуы мүмкін. «Барахолка» базарындағы саудагерлердің жағдайы төмендемек. Елдегі қытайлық дүкендердің де саудасы тоқтайды. Тіпті қоймада сақтаулы тұрған тауарлар да бірер айда бітері сөзсіз», – дейді.

Қазір вирустың алдын алу үшін шекарада сақтық шаралары күшейтілген. «Қорғас» халықаралық сауда орталығы 15 ақпанға дейін жабылды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button