4 ақпан күнгі күн райы қандай болмақ?

4 ақпан күнгі күн райы қандай болмақ?

4 ақпан күнгі күн райы қандай болмақ?
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігі атлантикалық циклонның ықпалында болып, жаңбыр, қар жауады. Республиканың солтүстік-шығысы ғана жауын-шашынсыз болады. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, елдің солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Ақмола облысының кей жерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз бірқатар аумақтарда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысының кей жеріне тұман түсіп, жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Ақтөбе облысының бірқатар аумақтарында жаяу бұрқасын болады. Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.