Коронавирусқа шалдыққан науқасты 2 күнде айықтырған тай дәрігері індеттің шипасын айтты

Коронавирусқа шалдыққан науқасты 2 күнде айықтырған тай дәрігері індеттің шипасын айтты

Коронавирусқа шалдыққан науқасты 2 күнде айықтырған тай дәрігері індеттің шипасын айтты
ашық дереккөзі

Тайланд ауруханасының дәрігері 48 сағатта қытайлық вирустан егде жастағы әйелді айықтырды. Ол науқасты небәрі екі препаратпен емдеген. Бұл туралы Тайландтың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап CNN хабарлады.

Бангкоктағы Раджавити ауруханасының дәрігер қытайлық 71 жастағы пациентті емдеді. Ол Лопинавир/Ритонавир ЖИТС-ке қарсы препарат пен тұмауды емдеуге арналған озельтамивирдің көбірек дозасын араластырып әзірледі. Нәтижесінде науқастың жағдайы 48 сағат ішінде жақсарған. Дәрігердің айтуынша, ем қабылдаған науқастық тыныс алу жүйесінде вирустың ізі қалмаған.