Қытайда 10 күнде салынған аурухана жұмысын бастады
Қытайда 10 күнде салынған аурухана жұмысын бастады
Қытайдың Ухань қаласында коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін 10 күнде салынған мамандандырылған алғашқы аурухана жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Associated Press.
"Хошэньшань" ауруханасы мың адамға арналған. Оның құрылысы 23 қаңтар күні кешке басталып, тез аяқталды.
Ауруханада Қытай Халық-босату армиясының арнайы медициналық командалары жұмыс істейді.
Қытай Үкіметі екінші аурухананың құрылысын 6 ақпанда аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл аурухана да Уханьда салынып жатыр.
Айта кетейік, Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 362-ге жетті. Ал індетті жұқтырғандардың қатары 16600-ге жуықтады.