"Бұл өте аз": Иранның ұшақ апаты үшін ұсынған өтемақысына Зеленскийдің көңілі толмады

"Бұл өте аз": Иранның ұшақ апаты үшін ұсынған өтемақысына Зеленскийдің көңілі толмады

"Бұл өте аз": Иранның ұшақ апаты үшін ұсынған өтемақысына Зеленскийдің көңілі толмады
ашық дереккөзі

Украина президенті Владимир Зеленский Иран әуе қорғаныс күштері атып түсірген Boeing-737 ұшағы үшін ұсынылған өтемақыға көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан. 

Украина басшысының айтуынша, Иран Тегеран түбіндегі әуе апатынан қаза болғандардың отбасыларына 80 мың доллардан өтемақы беруді ұсынған.

Алайда бұған украиналық тараптың көңілі толмаған.

"Бұл өте аз. Өтемақы мөлшерін арттыруға күш саламыз", – деді Зеленский.

Еске сала кетейік, 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Әуе кемесінің бортында болғандардың барлығы көз жұмды.