Таиланд дәрігерлері коронавирус жұқтырған 8 адамды дертінен айықтырды

Таиланд дәрігерлері коронавирус жұқтырған 8 адамды дертінен айықтырды

Таиланд дәрігерлері коронавирус жұқтырған 8 адамды дертінен айықтырды
ашық дереккөзі
Таиланд ауруханасында жатқан коронавирус жұқтырған 19 адамның сегізі сауығып, үйлеріне қайтты. Қалғандары емделуді жалғастыруда. Бұл туралы ria.ru Таиланд премьер-министрінің қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап хабарлады. Жексенбі күні Таиландта коронавирусты вирустық тұмау мен АИТВ-ға қарсы препараттармен емдеудің нәтижелері ресми түрде жарияланды. «Бангкоктегі Ратчавитха мемлекеттік ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің дәрігерлері ол дәрілермен коронавирус жұқтырған науқасты емдеген. Нәтижесінде ағзадан коронавирус инфекциясы табылмаған», - делінген хабарламада.