АҚШ-тан сырқаттанып оралған отандасымыз Алматыдағы емханалардың салғырттығын жайып салды

АҚШ-тан сырқаттанып оралған отандасымыз Алматыдағы емханалардың салғырттығын жайып салды

АҚШ-тан сырқаттанып оралған отандасымыз Алматыдағы емханалардың салғырттығын жайып салды
ашық дереккөзі

Қазақстанда коронавирустың алдын алу шаралары сын көтермейді. Жуырда АҚШ-тан сырқаттанып оралып, өзінің қауіпті індетті жұқтырып алмағанына көз жеткізгісі келген отандасымыз медициналық мекемелердің салғырттығын сынға алды. 

Константин Горожанкин есімді азамат өзінің Facebook парақшасында Нью-Йоркте жүріп, суық тигізіп алғандығы жайлы жазыпты. Сөзінше, Алматы тұрғыны бірден үш әуежайдың коронавирусты тексеру шараларын өз көзімен көріпті. "Нью-Йоркте болған соңғы екі күнімде далаға шыға алмай қалдым: денем қалтырап, басым ауырып, құрғақ жөтел мен суық терге тап болдым. Қонақ үйде дене қызуым да көтеріліп кетті. Қалтырап жүрмес үшін дәрі ішіп, ұйықтай бердім, тамаққа деген тәбетім болмады. Жүрсем бітті - басым айналып, құлайын деп тұрдым. Екі нәрсе үшін қатты алаңдадым: біреуі - өзімінің денсаулығым үшін, екіншісі - теледидарда айтылып жүрген ауруды жұқтырып алдым ба деген үрей. Қаладағы ауруханадан ем қабылдайын десем, бағасы аспандай. Оған қоса жергілікті медицина орталықтары карантинге жауып тастай ма деп тағы қорықтым. Қазақстанға қайтпас бұрын, орыстардың ауданында дәрігерге барып, маған қызуымды түсіретін дәрі егуді өтіндім. Абырой болғанда, дәрі әсер етіп, тіпті тәбетім қайта пайда болды", -дейді Қазақстанға оралған азамат. Горожанкиннің айтуынша, оны үш әуежайда тексеріпті. Нью-Йорктегі әуежайдан ол еш кедергісіз өтіпті. Сол себепті оны сыртқа шығаруға рұқсат берген. "Франкфуртте жылу тексеруші құрал мені бірден басқаларынан айырып алды. Дене қызуым тісім ауырғандықтан көтеріліп тұр деп айттым. Шалбарыңның ішінен неге тағы сым киіп алғансың деп сұрады. АҚШ-та ауа райы суық деп ақталдым. Біреумен ұзақ кеңескен қызметкер ақыры бетпердені шешпеуге кеңес беріп, жібере қойды. Алматыға келгенде дыне қызуым тіпті 38 градусқа бір-ақ көтерілді. Аяғымды басып, әрең тұрмын. Бірақ сонша жыр болып айтқан әуежайдағы тексергіштердің қарасы да көрінбейді. Мен коронавирус 5 адамнан табылған мемлекеттен келгеніме ешкімнің де шаруасы жоқ. Өзімнің туыстарым қарсы алды. Ал одан кейінгі жағдай тіпті қызық", - деп қосты ол. Айтуынша, Алматыдағы медицина орталықтарындағы қызметкерлер қытайлық дертті анықтамақ түгілі оны тексергілері де келмейді екен. "Қалалық ауруханаға барсам, адам лық толы. Менің шетелден келіп, коронавирусты жұқтырып алғандығымды анықтағым келгені ешкімді де алаңдатпайды. Сондықтан жекеменшік емханаға баруыма тура келді. Ол жақтағылардың сөзі мені қатты састырды. Айтуларынша, вирустың жаңа штамын анықтайтын оларда реагент жоқ екен. Сол себепті мені қытайлық ауруға шалдыққанымды біле алмаймыз дейді. "Қазақстанда әлі коронавируспен ауырған науқас тіркелмеді", - деп ақталды олар. Десек те өкпеме жасалған тексерістің нәтижесінде, оның қабынып тұрғаны анықталды. Қаным да сараптамаға алынды. Бірақ коронавирусты табу үшін 1-3 күнге дейін кететін көрінеді. Туберкулезді анықтау үшін де осынша уақыт кетеді екен. Тек содан кейін ғана мені карантинге жапты. Өкпе қабынуын антибиотиктермен емдей бастады", - деп жазыпты ер азамат.