Кеше Алматы облысындағы кеден бекеттері арқылы Қытайға 100-ге жуық адам өткен
Кеше Алматы облысындағы кеден бекеттері арқылы Қытайға 100-ге жуық адам өткен
Өткен тәулікте Алматы облысындағы кеден бекеттері арқылы Қытай Халық Республикасының аумағына 100 шақты адам өткен.
Автомобиль және темір жол қатынасын есептегенде барлығы 640 көлік шекарадан шығыпты. Бұндай мәліметті Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері келтіріп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сала мамандары 6 кеден бекетіндегі жағдайды саралап, мониторинг жүргізуде. Жалпы өңірде короновирустың алдын алу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына мемлекеттік кірістер департаменті және облыстық денсаулық сақтау басқармасы өзге де жауапты сала жетекшілері, жергілікті аудан, қала әкімдері кіріп отыр.