Қазақстан Қытайға медициналық бұйымдар жеткізді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қытайға Қазақстаннан 13,6 тонна көлемінде медициналық бұйымдар түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді.
Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайтында хабарланды.
Сондай-ақ, бұдан бұрын еліміз Ухань қаласынан 83 қазақстандықты
эвакуацияланғанын хабарлаған болатынбыз. Денсаулық жағдайы тексерілгеннен кейін елге оралған азаматтар қаладан 7 шақырым жерде орналасқан елорданың көпбейінді ауруханасы жанындағы инфекцияға қарсы арнайы бөлінген корпуста 14 күндік карантинге жатқызылды.