Ресей дәрігерлері коронавирустан қорғайтын үш дәріні атады

1 ақпан, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Ресей дәрігерлері коронавирустан қорғайтын үш дәріні атады Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қорғайтын, терапия ретінде қолдануға болатын 3 дәріні атады, – деп жазды Euronews.com Министрлік әзірлеген дәрігерлерге арналған уақытша нұсқаулықта қалай әрекет ету, қандай әдіспен емдеу және қандай дәрілерді қолдану тәртібі көрсетілген. Коронавирусқа қарсы қолдануға тиімді делінген 3 дәрі ретінде Рибавирин, Лопинавир/Ритонавир және Рекомбинантты интерферон бета-1b ұсынылған. Нұсқаулықта дәрілерді қолдану дозасы да көрсетілген. Бұл дәрілерді қолдану тек дәрігердің рұқсатымен іске асуы тиіс. Рибавирин дәрісін 2002 жылы SARS вирусы тарағанда кеңінен қолданғаны белгілі.