Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді күзде Көкшетауда өтетін XVII өңіраралық экологиялық ынтымақтастық форумына қатысуға шақырды. Бұл туралы Президент Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен Нұр-сұлтандағы кездесуі кезінде айтты.