Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына коронавирусқа қатысты хат жолдады

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына коронавирусқа қатысты хат жолдады

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына коронавирусқа қатысты хат жолдады
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге коронавирустың таралуына байланысты хат жолдады, – деп жазды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына қауіпті вирусты тоқтату және жою жөніндегі Қытай басшылығының шешімдері мен іс-қимылдарын жоғары бағалай отырып, Қазақстан Үкіметінің Қытайға қажет болған жағдайда жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екені туралы шешімін жеткізді. Сондай-ақ Президент коронавирустың Қазақстан аумағында тарап кетпеуі үшін Үкіметтің қабылданып жатқан іс-шаралар туралы хабарлады.