Ресейде екі адам коронавирус жұқтырған
1 ақпан, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Ресейде екі адам коронавирус жұқтырған
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресейде екі адам коронавирусқа шалдыққан. Науқастың екеуі де – Қытай азаматы.
Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі вируспен күресті күшейтіп жатыр. Вице-премьер Татьяна Голикованың айтуынша, коронавирустың таралуына байланысты Ресейде коронавируспен күресудің қосымша шаралары енгізілді.
Роспотребнадзор басшысы Анна Попова: «Дертке шалдыққандардың біреуі – Забайкальеде, екіншісі – Түмен облысында. Екеуінің де денсаулығы қалыпты. Дене қызуы көтерілмеген. Олар қатаң бақылауда, оқшауланған, оларға қажетті көмек көрсетілуде», – деді.