Семей әуежайына Абай есімі берілді

Семей әуежайына Абай есімі берілді

Семей әуежайына Абай есімі берілді
ашық дереккөзі
Семейдің халықаралық әуе­жайына ресми түрде қазақтың бас ақынының есімі берілді. Жергілікті әкімдік «Абай атын­дағы халықаралық әуежай» ЖШС деген атау құжат жүзінде ресми бекітілгенін растады. 2019 жылғы қарашада Үкімет жа­нындағы Республикалық ономастика комиссиясы Семей әуежайын Абай аты­мен қайта атау туралы шешім қабылдағаны мәлім. Бұл ұсыныс былтырғы күзде семейліктерден келіп түсіпті. Ол бастаманы алдымен облыстық оно­мас­тикалық комиссия және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депу­таттары мақұлдады. Бұл шара халықаралық, республи­ка­лық және өңірлік деңгейде кеңінен мерекеленетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында іске асырылып отыр.