Nur Otan партиясының қолдауымен айтыскерлер кеңсесі ашылды

Nur Otan партиясының қолдауымен айтыскерлер кеңсесі ашылды

Nur Otan партиясының қолдауымен айтыскерлер кеңсесі ашылды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұдан былай бас қаланың сөз зергерлері сол жақ жағалаудағы Жазушылар үйі ғимаратында алдағы жоспарларын талқылап, дайындық өткізе алады. Айтыскер­лер­ге арналған филиал Nur Otan партиясы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкім­дігінің қолдауымен ашылып отыр. Айтулы жиынға Мәдениет қай­раткері, ақын Жүрсін Ерман мен елімізге танымал айтыскерлер, зиялы қауым және Nur Otan партиясының өкілдері қатысты.