Жаңалықтар

Мемлекеттен әлеуметтік көмек алған отбасылар ақшасын айфонға жұмсаған

ашық дереккөзі

Мемлекеттен әлеуметтік көмек алған отбасылар ақшасын айфонға жұмсаған

«Бала бағатын ақша жоқ» деп арызданған кейбір аз қам­тылған отбасылар мемлекеттен көмек қаржы ала сала, қымбат смартфон, Iphone алуға жү­гір­ген. Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев аза­мат­тарды ел қаржысын рәсуа етпей, ұқыппен, ұтымды жұм­сауға шақырды. aikyn.kz сайтының жазуынша, мемлекеттен тегін демеуқар­жы алу үшін азаматтардың алаяқ­тыққа баруы жаппай белең алған. Вице-премьердің мәліметінше, республика бойынша 75 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өз табыстарын жасырған. Олар заң­сыз алған жарты миллиард теңге бюджет қаржысын кері қай­тарды. Бірақ бұл шағын бөлігі ғана. Мәжіліс депутаттарының мәлі­метінше, АӘК бойынша Қа­зақстанда жалпы ауқымы 2,4 мил­лиард теңге артық төлен­ген. Бұл мәселені ауыл-аймақтағы кездесулер кезінде тұрғындардың өзі көтерген. Әр ауданда АӘК-ті артық алған 100-200 адамды табуға болады екен. Бұл әлеуметтік наразылықты тудырып отырған көрінеді. Өйткені көпте­ген шын мұқтаж адамдар бұл көмекке қол жеткізе алмаған. Үкімет жетекшісінің орынба­сары барлық қазақстандық заңға бағынуы тиіс екеніне екпін түсірді. – Заң бұзғандар тиісті жауапқа тартылады. Өкінішке қарай, мұндай фактілер кездесті. Біз тексердік, 75 мың отбасы та­быс­тарын жасырып қалған. Бү­гінде олар шамамен 500 мил­лион теңгесін бюджетке қайтарды. Егер отбасы ақшаны өз еркімен қай­­тар­са, онда ешқандай проб­лема бол­­­майды. Ал егер бас тартса, он­­да сот арқылы міндеттейтін бо­ла­­мыз, – деп нықтады Б.Сапарбаев.