Жұма күнгі күн райы жауын-шашынсыз болады

Жұма күнгі күн райы жауын-шашынсыз болады

Жұма күнгі күн райы жауын-шашынсыз болады
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 31 қаңтар күні еліміздің бүкіл дерлік аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың тек батысы атмосфералық фронттардың әсерінде болатындықтан жауын-шашын болады. Кей жерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста желдің күшеюі және жаяу бұрқасын сақталады. Еліміздің жекелеген өңірлерінде тұман сақталады. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының кей жерінде көктайғақ, Жамбыл облысының кей жерінде 15-20 м/с екпіндегі жел және жаяу бұрқасын болжанады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында желдің күші 18 м/с артатыны күтіледі.