Ресей 60 мың азаматын Қытайдан алып қайтпақ

Ресей 60 мың азаматын Қытайдан алып қайтпақ

Ресей 60 мың азаматын Қытайдан алып қайтпақ
ашық дереккөзі
Коронавирусқа байланысты Ресей үкіметі Қытайдан өз азаматтарын қайтара бастады. 4 ақпанға дейін 60 мың туристті отанына әкелу жоспарланып отыр. 5 ресейлік әуекомпания Қытаймен қатынасын тоқтатты. Сондай-ақ, операторлар бұл елден туристтерді қабылдамайтын болды. Бұл шаралар Ресейдің әуе тасымалы және туризм салаларына зор шығын келтіретін түрі бар, деп хабарлайды 24.kz.  Ресейдің белгілі дәрігері Александр Эдигер коронавирустың жаңа түрінен шошуға негіз жоқ дейді. Бұл сырқаттың ажал көрсеткіші 3,5% ғана,  ал аурудың өзі осыған дейін болған доңыз тұмауы мен өкпе қабынуының атипиялық түрінен жеңіл өтеді. Ол вирустың таралуымен қатар оның төңірегінде туындаған жалған ақпарат және дүрбелеңмен де күресу қажет деп санайды.  Елдегі қарапайым  адамдардан гөрі туризм саласының өкілдері сары уайымға батты. Қазір Ресейден Қытайға 19 әуекомпания қатынайды, олардың бесеуі сапарларын тоқтатты. Жолаушылар бірлестігінің басшысы Илья Зотов Ресейдің Украина, Грузия және Мысырмен әуеқатынасы жоқ екенін еске салды. Оның айтуынша, вирус тарай бастағалы, Қытайға қатынайтын жолаушылар саны 30% азайды. Бұл қаңтар айының көрсеткіші. Осыдан келетін зор шығынның орнын толтыруға бюджеттің де, компаниялардың да мүмкіндіктері жоқ. Көптеген ірі туристік  және әуе компанияларды күйреуден сақтап, саланы құтқаруға тура келеді.  Өткен жылы Ресейге шамамен бір миллион 300 мың қытайлық турист саяхаттап келген. Тек жылдың алғашқы 6 айында олар ел қазынасына бір миллиард доллар табыс әкелді. Қазір Қытай туристтері үшін ел жабылды. Дәрігерлердің болжауынша, індеттің шарықтау шегі ақпан айының ортасына келеді. Бұл ақпан, наурыз және сәуір айларында туризм саласына маманданған компаниялар жұмыссыз қалатынын білдіреді.