Желідегі «батыр»: Қару ұстап бейнеүндеу жасаған ақтөбелік ұсталды

Ақтөбе полициясы қару ұстап, хабарлама таратқан 33 жастағы тұрғынды қамауға алды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, қару-жарақты ұстаған ер адам «Whatsapp» мессенджері арқылы бейнеүндеу жазған. Полиция қызметкерлері бұрын сотты болмаған 33 жастағы ақтөбелік азаматты дереу ұстады. Одан 16 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі, яғни, «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сақтау« бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды және тұрғындар үшін қауіп төндірмейді», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button