Қытайда өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты келесі жылға ауыстырылды

Қытайда өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты келесі жылға ауыстырылды

Қытайда өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты келесі жылға ауыстырылды
ашық дереккөзі
Коронавирустың өршуіне байланысты 2020 жылы наурызда Қытайда өтуі тиіс жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы әлем чемпионаты 2021 жылға ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.  ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, әлем чемпионаты үстіміздегі жылдың 13-15 наурыз аралығында Қытайдың Нанкин қаласында өтуі керек болатын. Алайда, Халықаралық федерацияның баспасөз қызметі аталған біріншілікті (2020 жылдың 13-15 наурызы) 2021 жылдың наурызына ауыстыру туралы шешім қабылдағанын жариялады. «Қытай коронавируспен күресте аянып қалмайды. Ал біз сол үшін оларға бар жағдайды жасауымыз қажет. Біз спортшылар мен федералды биліктерге және серіктестерге бұл аймақтағы спорттық жарысқа қатысты мәселенің қалай шешіліп жатқанын нақты жеткізуіміз керек. Бұл әлем чемпионатын өткізбеу туралы шешім қабылдаған жоқпыз. Өйткені, көптеген спортшылар бұл турнирді асыға күтіп жүр. Сол себепті, жарысты 2021 жылға ауыстырдық», - делінген хабарламада.