Әлемдегі ең қымбат үй сатылды

Әлемдегі ең қымбат үй сатылды

Әлемдегі ең қымбат үй сатылды
ашық дереккөзі
Әлемдегі ең қымбат үй атанған Франияның оңтүстігінен Villa Les Cedres тарихи вилласы сатылды. Оның жаңа қожайыны – украиналық миллардер Ринат Ахметов.  Әйгілі үй Davide Campari-Milano SpA компаниясынан сатып алынған. Ахметов вилланы алу үшін 220 млн доллар немесе 83,4 млрд теңге жұмсапты. Украиналық кәсіпкерге тиесілі SCM Holdings Limited компаниясы бұл сатып алуды "ұзақ мерзімді инвестиция" деп мәлімдеген.

Bloomberg таратқан ақпаратқа сәйкес, бизнесменнің жағдайы 6,1 млрд доллар немесе 2,5 трлн теңгеге бағаланған.

Ахметов мұнша қаражатты "Систем Кэпитал Менеджмент" компаниясының арқасында жинаған. Сондай-ақ кәсіпкер "Шахтер" футбол клубына иелік етеді.

Financial Times жазуынша, Солтүстік Америка мен Еуропада жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция біраз ақша әкеледі. Басылымның мәліметінше, бұл тау-кен, металлургия, энергетика, БАҚ және көлік сияқты табысты.