Жаңалықтар

Дәрігерлерді қолдауға шақырды

ашық дереккөзі

Дәрігерлерді қолдауға шақырды

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бастауыш партия ұйымдары өкілдерімен кездесуінде партияның алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Nur Otan пар­тиясы Үкіметпен бірігіп жергілікті ерекшелік пен халықтың нақ­ты қажеттіліктерін есепке ала отырып, аймақтық бағдар­ла­ма­лар­ды дайындау бойынша жүйелі жұ­мыс жүргізіп жатыр. Партия­лық­тар проблемасы көп барлық бе­кеттерді, соның ішінде, шалғай ау­дандар мен ауылдарды қамтуды жос­парлап отыр. «Біз әр аудан үшін партияның жеке бағдарламасын әзірлегіміз ке­леді. Жергілікті жердегі мә­се­ле­лер мен сұраныстарға басымдық бер­сек дейміз. Біз халық өзі қа­лай­тын нақты мәселелерді шешуіміз қажет. Екіншіден, кандидаттарымызды праймериз, яғни партия ішіндегі іріктеу арқылы ұсынбақпыз. Мұның барлығы ашық дебат түрінде өткізілетін бо­­лады. Тиімді мәслихат қалып­тас­­­тырғымыз келеді. Сондықтан Nur Otan партиясының міндеті – креативті ойлайтын, ашық-жар­қын жандарды ұсыну. Сондай-ақ біз қыз-келіншектер мен жастарды белсенді қолдап, көтермелей­тін боламыз. Бұл Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев пен ел Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы. Әйелдердің 30 пайызы мен жастардың 20 пайызы мәслихаттардың барлық дең­гейінде болуы тиіс», – деп атап өтті Бауыржан Байбек. Партиялықтарға арнап ұйым­дастырылған оқыту тренингтеріне қатыса отырып, Nur Otan пар­­­­тиясы Төрағасының Бірінші орын­басары дәрігерлерді қол­дау­ға шықырды. Ол өз туыстары мен жа­қындарын құтқарып қалған оқи­ғалармен әлеуметтік желілерде бөлісе отырып та, ақ халатты аб­зал жандарға құрмет көрсетуге бо­латынын айтты. «Біз дәрігерлерді қолдауымыз қа­жет. Әркім дәрігерлердің олар­дың туыстары мен жақындарын қа­лай құтқарып қалғаны туралы әң­гі­мелесін. Бұл – өте маңызды мо­ральдық қолдау. Жеке маман­дар­ға, басшыларға қатысты мәсе­ле­лердің болатыны да сөзсіз. Бі­рақ жағдайдың 99 пайызында дәрі­герлер адамдарға көмектесіп, ола­рдың өмірін құтқарып жатыр. Тек дәрігерлер кейбіреулер секілді өз­дерін жарнамаламайды. Үндемей ғана жұмыс істейді. Сонымен қатар мұ­ғалімдерді, полиция мен мемле­кет­тік қызметкерлерді де қолдауы­мыз керек деп есептеймін. Таңер­тең­нен кешке дейін жұмыс істеп, кей­де, тіпті отбасыларына көңіл бөлу­ге уақыттары болмайды. Бірде мем­лекеттік қызметке оппозициядан адам шақырғаны есімде. Бірақ ол бір апта да шыдай алмады», – деп ағы­нан жарылды Бауыржан Байбек. Айта кететін жайт, партиялық «қайта жаңғыру» аясында Саяси ме­неджмент мектебі 10 мыңнан ас­там нұротандықтарға арнап оқыту семинарын бастады. Аймақ­тық филиалдардың, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері мен партия ішіндегі пилоттық кадрлық ірік­теу жеңімпаздары тұлғалық құ­зы­ретті дамыту, халықпен және аза­маттық қоғам институттарымен өза­ра тиімді әрекет ету, дағдарыстық бай­ланыс және т.б. салада машық­тану деңгейін арттыру бойынша тренингтерге қатысуда.