Алматы облысы полиция департаментінің басшысы тағайындалды

Алматы облысы полиция департаментінің басшысы тағайындалды

Алматы облысы полиция департаментінің басшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
Полиция генерал-майоры Серік Мырзақұлұлы Күдебаев Алматы облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды, – деп жазды zakon.kz. Президент Әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімі бойынша Полиция генерал-майоры Ұрымханов Мұрат Жәлелұлы кадр резервіне алынды. Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды. С.Күдебаев 1965 жылы туған, ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. 2009-2013 жылдары Алматы облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, одан кейін бастығы болып жұмыс істеді. 2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласының полиция департаментін басқарды. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген, мамандығы – заңгер. Бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданы Мемлекеттік тергеу комитеті Қылмыстық тергеу бөлімінің бастығы, Жамбыл облысы Криминалды полиция басқармасының бастығы, Қарасай аудандық ішкі істер басқармасында бастық болып жұмыс істеген.