Гонконг ғалымдары коронавирусқа қарсы екпе ойлап тапты

Гонконг ғалымдары коронавирусқа қарсы екпе ойлап тапты

Гонконг ғалымдары коронавирусқа қарсы екпе ойлап тапты
ашық дереккөзі
Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирустан бір тәулікте 25 адам қаза тапты. Соңғы ресми мәлімет бойынша қауіпті індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 131-ге жетті.  Оның таралуына тосқауыл қою үшін көптеген мемлекеттер індетке қарсы екпе жасау ісін қолға алған.  Бұл ретте Гонконгтан жақсы жаңалықтар келіп жатыр. Ондағы ғалымдар әлем жұртшылығының үрейін ұшырған дертке қарсы вакцина ойлап тауыпты, деп хабарлайды  "Алматы" арнасы. Бірақ, оны қолданбас бұрын алдымен жануарларға егіп, тестілеуден өткізу қажет.  Вакцинаның нақты қашан дайын болатыны әзірге белгісіз. Оны жасауға АҚШ мамандары да белсенді атсалысуда. Олар вирусты бөліп алып, оның штаммын іздестіруде. Бүгінгі күні аспан асты елінің 30 провинциясында карантин жарияланды. Әлемнің 15 мемлекетінде 80 адамда коронавирус анықталыпты. Ал кеше 4 515 адам вирус жұқтырып, 106 адамның көз жұмғаны ресми түрде хабарланған болатын.