Түркістан: Жол жабылуы салдарынан перзентханаға жете алмаған 2 жүкті әйел құтқарылды

Түркістан: Жол жабылуы салдарынан перзентханаға жете алмаған 2 жүкті әйел құтқарылды

Түркістан: Жол жабылуы салдарынан перзентханаға жете алмаған 2 жүкті әйел құтқарылды
ашық дереккөзі
Түркістан облысының құтқарушылары ауа райына бұзылып, жол жабылуы салдарынан перзентханаға жете алмаған жүкті әйелдерге дер кезінде көмек көрсетті. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қаңтар күні таңғы сағат 05:30-да үш құтқарушы бір техникамен дәрігерлі Бәйдібек ауданының Ақтас кентіне жеткізген. 12:04-де дәрігер науқасты қарап, жергілікті тұрғынға «қант диабеті» деген диагнозын қойған. Сонымен қатар, құтқарушылар Ақтас кентінде 1984 және 1993 жылы туған екі жүкті әйел мен тағы бір тұрғынды аудандық орталық ауруханаға жеткізген. Өңірде ауа райы бұзылып, бірқатар маңызы бар респубикалық және облыстық жолдар жабылды. ТЖД ескерту жасады.