Бурабай маңында қаңтарылған көліктердегі жолаушыларға ыстық тамақ таратылды

Бурабай маңында қаңтарылған көліктердегі жолаушыларға ыстық тамақ таратылды

Бурабай маңында қаңтарылған көліктердегі жолаушыларға ыстық тамақ таратылды
ашық дереккөзі
Щучье қаласы маңындағы блок бекетте қаңтарылып тұрған көліктердегі адамдарға ыстық тамақ таратылды. Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.  «Бурабай ауданы әкімдігі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және Щучьедегі Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусы бірлесіп, «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тас жолының бойындағы Щучье қаласының блок бекеті мен «Қазмұнайгаз» жанар-жағар май құю стансасы кемпингінің автотұрағында қаңтарылып тұрған көліктердегі 300-ге жуық адамға ыстық тамақ таратты. Ыстық тамақ кадет корпусының «УАЗ» автокөлігімен жеткізілуде», - деді ведомстводан баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.