Samsung Pay ForteBank карталарын қолданушыларға қолжетімді болады
Samsung Pay ForteBank карталарын қолданушыларға қолжетімді болады
ForteBank пен Samsung Electronics компаниясы Samsung Pay төлем сервисінің бета-тестін іске қосты.
Енді Fortebank клиенттерінің ішіндегі Visa және Mastercard қолданушылары үшін жылдам төлем жасау мүмкіндігі бар. Олар смартфонмен кез-келген жерде төлем жасай алады. Мәселен, үйдің жанындағы дүкеннен, жақын жердегі гүл дүкенінен немесе сүйікті бутигінен қалаған затын қолма-қол ақшасыз немесе картасыз сатып алуға болады.
Кеңірек айтқанда, смартфон арқылы жүзеге асатын бұл қызмет үшін сатып алу кезінде қолма-қол ақы төлеудің немесе өзіңізбен бірге төлем картасын алып жүрудің қажеті жоқ. Тек смартфоныңызға Samsung Pay қосымшасын жүктеп, картаңыз туралы мәліметтерді енгізсеңіз болғаны.
Samsung Pay POS-терминалдары сияқты, интернет арқылы сатып алу жүргізуге, сондай-ақ ақша аударымдарын тез әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.
Үш деңгейлі қорғаныстан тұратын Samsung Pay қауіпсіз сауда жасауды қамтамасыз етеді. Нақты карта нөмірінің орнына арнайы сандық код қолданылады, әрбір транзакция саусақ ізімен, көз қимылымен немесе қолданбаның PIN-кодымен расталады. Құрылғының операциялық жүйесінің өзгешелігіне қарамастан, бағдарламалық және аппараттық деңгейлердегі қауіпсіздікке Samsung KNOX платформасы жауап береді.
Қазақстандағы Samsung Pay төлем қызметі ресми түрде 2020 жылдың 28 ақпанынан бастап, ал Galaxy Watch смарт-сағатында наурыздан бастап іске қосылады.
Байланыссыз төлем опциясы NFC модулі бар барлық заманауи Samsung смартфондарында, 2015 Galaxy S6 жолынан бастап қол жетімді.
Samsung Pay туралы толығырақ веб-сайттан біліңіз: https://www.samsung.com/kz_ru/apps/mobile/samsungpay/