Aуыл шаруашылығы субсидиясын басқа мақсатта жұмсауды қою керек – министр

Aуыл шаруашылығы субсидиясын басқа мақсатта жұмсауды қою керек – министр

Aуыл шаруашылығы субсидиясын басқа мақсатта жұмсауды қою керек – министр
ашық дереккөзі
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр 2020 жылы Үшінші индустрияландыру бағдарламасын іске асыру басталғанын мәлімдеді. Биыл 17 мың жұмыс орнын құру мен 1,1 трлн теңгеден астам сомаға 160 жобаны пайдалануға беру жоспарланған. «Экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Ал ішкі нарық өндірушілеріне қолдаудың толық пакеті ұсынылады», – деді министр. Сонымен қатар, ведомства басшысы ауыл шаруашылығы субсидияларының тиімділігін бағалау әдістемесі енгізілетінін еске салды. «Осы мақсатта 2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке берілетін трансферт – 200 миллиард теңге. Әкімдіктер қаржыны агроөнеркәсіптік кешенге қатысы жоқ басқа мақсаттарға бағыттау тәжірибесін тоқтатуы тиіс. Осылайша, Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірге азық-түлік импортының үлесін азайту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты қамтамасыз етеді», – деді Роман Скляр.