«Оңай» төлем арқылы көлеңкелі экономикадан 6-7 млрд. теңге шығарылады

Дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстанның ірі мегаполисі болғандықтан, жаңашыл жобалар мен тың дүниелер көбінесе Алматы шаһарынан басталады. Осыны ескере отырып, өткен жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесі енгізілген болатын. Уақыт талабына сай электронды төлем жүйесі қазынаны қампайтуға үлкен сеп болмақ.

Жаңа төлем жүйесі

1 қазаннан бастап қаладағы қоғамдық көліктерге орнатыла бастаған «Оңай» деген атауды иемденген электронды төлем қабылдайтын құрылғы әуелде өз жұмысын желтоқсан айынан бастайды делінген. Кейін «Оңай» жүйесі дайын болмады ма, әйтеуір бұл тағы бір айға шегерілді. Сөйтіп, алматылықтарға 2016 жылдың алғашқы күнінен бастап тек «Оңай» картасы арқылы ғана төлем жасауға болатындығы туралы ескертілді. Арада көп уақыт өтпей, жүйенің 18 қаңтардан бастап толыққанды іске қосылатындығы жария болды. Бірнеше рет кейінге қалдырылған электронды төлем жүйесі қазіргі уақытта толыққанды іске қосылып, қаладағы муниципалды көліктердегі валидаторлардың барлығы алынып тасталды. Жолаушылар тек электронды төлем жүйесі арқылы жолақысын төлеуде. Десек те, тұрғындардың біразы әлі де жол жүру картасын алып үлгермеген. Ал қазір электронды төлем картасы жоқ жолаушылар айыппұл төлеуге міндетті. «18 қаңтардан бастап біз әкімшілік полициямен бірлесіп, қалада үлкен рейд шараларын жүргіземіз. Билетсіз жүрген жолаушыларға заң жүзінде 4242 теңге көлемінде айыппұл саламыз. Мұндай жазадан көлік жүргізушісі де аман қалмайды. Егер ол тізгіндеген көлікте электронды билет құрылғысы бұзылып қалғанына қарамастан, жүрісін жалғастырып, жолаушылардан қолма-қол ақша алған болса, 10605 теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Осы ретте айта кетейік, электронды билет құрылғысы жұмыс істемей тұрған қоғамдық көліктің бағытын жалғастыруына тыйым салынады. Мұндай кезде жолаушылар жолақысын жүргізушіге төлемей-ақ, көліктен шығып кетуге құқылы», – деген еді «Алматы қаласы көлiк холдингi» ЖШС төрағасы Рифат Әбдіраманов. Айта кетейік, жүйе толықтай іске қосылған алғашқы күні түске дейін 172 жолаушыға айыппұл салынып үлгеріпті. Қазір Алматы қаласында жалпы саны 1600 қоғамдық көлік бар. Ал бір күнде қоғамдық көліктерге мінетін тұрғындар саны 1 миллионға жуық.

«Оңай» электронды билет жүйесі қоғамдық көліктерге орнатылғаннан кейін көп адам тәртіптен аттамай, бірыңғай көлік картасын сатып алды. Кей кезде муниципалды көліктердегі валидаторға салатын тиын таппай қалатындар үшін бұл картаның тиімді болғаны рас. Жолаушыларға арналған көлік картасының бірнеше түрі бар. Бірыңғай көлік картасы ешқандай жеңілдіксіз жүретін жалпы жолаушыларға арналған. Мұның бағасы – 400 теңге, жол жүру құны – 80 теңге.  Сондай-ақ, бірыңғай көлік картасын өзге қаладан Алматыға іссапарға немесе демалысқа келген қонақтар да арнайы сауда нүктелерінен сатып алып, пайдалана алады. Ал пайдаланған картаны кейін сауда орындарына қайта өткізіп, 320 теңгесін қайтарып алуына мүмкіндік бар. Одан кейін оқушының, студенттің көлік картасы бар. Бұл карталар оқушыларға мектепте, студенттерге жоғары оқу орындарында тегін беріледі. Оқушылар мен студенттер үшін жол жүру құны – 40 теңге. Сонымен бірге, әлеуметтік көлік картасы мен соғыс ардагерінің көлік картасы қолданылады. Мұндай карталар аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімдерінде тегін үлестіріледі. Соғыс ардагерлері мен әлеуметтік көлік картасы бар жолаушылар да жолақысы үшін 40 теңге төлейді.

Қазына қаржысын ұлғайтпақ

Алматы жолаушылар тасымалына жауаптылардың сөзіне сенсек, электронды билеттерді енгізу жобасы қоғамдық көлікті басқару процесін жақсарту, көлік қызметі тиімділігін арттыру мақсатында іске қосылған. Сондай-ақ, электронды билет жүйесі қоғамдық көлікпен жүретін жолаушылар легі мен қоғамдық көлік қызметкерлері туралы деректер жинауға және маршруттардың ұтымдылығын талдауға мүмкіндік береді әрі қызмет көрсету сапасын жақсартады екен. Жауапты мамандардың айтуынша, жүйе көлеңкелі ақшаны айналымнан шығарып, қала бюджетіне түсетін салықты көбейтуі тиіс. Айта кетейік, 2015 жылы «Оңай» жүйесімен 3 млн. 733 мың 447 транзакция жасалып, 231 млн. 231 мың 415 теңге қаржы қала қазынасына түскен. Биыл жыл басынан бергі көрсеткішке көз жүгіртсек, қала қазынасына 10 күн ішінде «Оңай» картасынан 67 млн. 290 мың 240 теңге түскен. Ал жарты күн ішінде 139 мыңнан астам транзакция жасалып, 8 млн. 537 мың теңге қазынаға құйылған. Алматы қаласының басшысы Бауыржан Байбек Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте: «Ең бастысы, адам факторын жойып, бюджеттен тыс кетіп жатқан ақшаны жарыққа шығарады. Мен халықтың ақшасын қайда шашып жатқанын көрсетуім керек. Қала тұрғындары өз қаржыларының өздеріне сапалы қызмет ретінде қайтып жатқанын білуі тиіс. Бұған дейін қоғамдық көліктерді пайдаланатын жолаушылар есебі бізге белгісіз болды: қандай шығын шықты, кіріс көлемі қаншалықты, жолаушылардың ақшасы қайда кетіп жатыр? Ал бүгінде жаңа жүйенің арқасында жолаушылар нарығының көлемі 19-20 миллиард теңге екендігін бағамдап отырмыз. Яғни, 6-7 миллиард теңгені көлеңкелі экономикадын шығарамыз», – деді.

Жасыратыны жоқ, бұған дейін қолданыста болған қолма-қол есеп айырысудан да, жаңашыл валидатор жүйесінен де бюджетке ауыз толтырып айтарлықтай пайда түспеді. Ескі жүйе бойынша қазынаның қоржынына тек парк иелерінің төлеген салығы ғана түсіп отыратын.

Қолма-қол есеп айырысу нәтижесінде қаржының бәрі жеке автобус парктерінің иелеріне, жүргізушілер мен кондукторлардың қалтасына түсіп отырған. Ал кейін іске қосылған валидаторлардың да халықтың біраз наразылығын тудырғаны рас. Жиі істен шығып қалатын валидаторлардың темір теңгені ғана қабылдайтыны тағы бар. Кешкі уақыттарда автобус жүргізушілері темір құрылғыны өшіріп тастап, ол кезде де қолма-қол ақша жинауды доғармаған. Жолаушының жолақысынан жалақы жасап үйренген жүргізушілердің жаңа енген жүйеге қарсылық танытуының сыры да сонда.

«Оңай» электронды төлем жүйесіне көңілі толмай жүрген №65 автобустың жүргізушілері 18 қаңтар күні нарызылықтарын ашық білдірді. Бұл туралы сол күні аталмыш автобусқа мінген қала тұрғыны баяндап берді. «Думан» ықшам ауданында автобусқа отырған Гүлдерайым есімді 58 жастағы азаматша  «Оңай» картасы арқылы жолақысын бірден төлеген. Алайда автобус орнынан қозғала қоймапты. Автобустың қозғалмау себебі біреу – жүргізушілер «Оңай» электронды төлем жүйесіне қарсы. Ал жолақысын электронды билет арқылы төлеп қойған жолаушы бірнеше автобус ауыстырып, жұмыс орнына әзер жеткен.  «№65 автобусқа кіре салысымен, картадан төлем жасап қойғам, ал жүргізушілер жүрмейміз деп тұр. Мен жолақыны төлеп қойғанымды айтсам, «біздің шаруамыз емес» дегеннен өзге ешнәрсе айтпады. Бір автобуспен баратын жерге 3 автобуспен әзер жеттім. Бір күндік жолақым екі еселеніп шығып кетті» – дейді Гүлдерайым ханым. Аталмыш бағыттағы автобус жүргізушілері сол күні Абай даңғылының бойында Манас көшесінен Әуезов  көшесіне дейін екі бағытта да жолды бөгеп, өздерінің жаңа жүйеге қарсылықтарын білдірген еді.

Қалай десек те, кейбір автобус жүргізушілері бұл жүйенің өздері үшін тиімсіз екендігін айтудан жалығар емес. Жүргізушілердің айтуынша, бұл жүйе жүргізушілер үшін тиімсіз. Ал жекеменшік компания өкілдері «Оңайдың» кесірінен шаш етектен шығынға баттық деп шырылдауда. Жекеменшік жолаушы тасымалдаушы компания өкілдерінің сөзіне сенсек, билет тексерушілер жеке компанияға тиесілі автобустарға бас сұқпайды екен. Тиісті бақылау болмағаннан кейін жолаушылар да жол ақысын төлеуден жалтарады. Сондықтан, олар бір апта ішінде табыстарының тең жартысынан айрылыпты. «Оңай» толық іске қосылған уақыттан бастап, 60 пайыз табысымыздан айрылдық деп дабыл қаққан жолаушы тасымалдаушылар жанар-жағармай сатып алуға қаржының тапшы екенін де айтуда.

Дегенмен, электронды төлем жүйесінің бюджетті толықтыра түсетінін есте сақтаған абзал. Ал қазынаға түскен қаражат қайда жұмсалады? Әлбетте, қоғамдық көліктерді жаңартып, шаһардағы көлік жолдарын қалыпқа келтіруге, әлеуметтік жұмыстарға пайдаланылады. Алматы шаһарында әлі күнге дейін тозығы жеткен қоғамдық көліктердің қызмет көрсетіп жүргені белгілі. Жолақыдан түскен қомақты қаржыны жан қалтасына жинаған жекеменшік автопарк басшылары автобустарды жаңалауға тырыспайтын да тәрізді. Мәселен, «Алтын орда» базарынан «Саяхат» автовокзалына дейін қатынайтын автобустардың көнергені сонша, кейбірінің есігі не терезесі дұрыс жабылмайды. Әбден тозығы жеткен қоғамдық көліктердің жолаушыларды жазатайым жағдайға ұшыратпасына кім кепіл?

Қала әкімі Бауыржан Байбек Алматыға күн сайын 250-260 мың көлік кіретіндігін тілге тиек еткен еді. Мұның қаладағы қозғалысқа үлкен кесірін тигізетіні бесенеден белгілі. Сол себепті де халық арасында қоғамдық көліктердің беделін арттыру қажет деп санайды. Ал автобустардың беделін арттыру үшін сапасы талапқа сай болуы тиіс. Осындай жайттарды ескерген Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек әкімдікке қарайтын муниципалды автопарктің 70 пайызын жеке инвестордың қолына сеніп тапсырды. Жеке инвестор қаладағы ескі автобустарды жаңасына ауыстыруға міндеттелген. Қазірдің өзінде 200 автобус сатып алынып қойған екен. Алматы қаласының басшысы Бауыржан Байбек: «Сапаны арттыратын кез келді. Қоғамдық көлік саласын ретке келтіруіміз керек. Ал «Оңай» жүйесі бізге сапаны арттыруға көмектеседі. Асты тесілгенше жолаушы тасымалдайтын автобустардың орнында сапалы, заманауи қоғамдық көліктер мен қызмет көрсету жүйесі болуға тиіс», – деді. Сондай-ақ, Бауыржан Байбек қаладағы автотұрақтарды да жеке қолдарға тапсыруды қарастыруда. Осы арқылы төлемақы жүйесін реттестіруді көздеп отыр.

 «Оңай» оңтайлы әдіс пе?

Электронды төлем жүйесі енгізілген алғашқы 3 ай ішінде «Оңай» картасы да, қолма-қол есептесу де жүрген болатын. Сынақты режімде жұмыс істеген үш ай ішінде тұрғындар толығымен жаңа жүйеге үйренеді деп болжанған. Бірақ жаңа жүйеге 100 пайыз ауысқанымызбен, көп тұрғындар әлі де аңтарылып жүр. Олардың бірі әлі күнге дейін карта сатып алмаса, енді бірі оны қалай қолданатындығын білмей әуреге түсуде. Әзірге қала тұрғындарының электронды билет туралы пікірі сан алуан. Сондықтан, қаладағы аялдамаларда автобус күткен алматылықтардың электронды төлем жүйесі туралы пікірлерін білген едік.

Толқын Маратқызы, қала тұрғыны:

– Мен қазір негізінен, баламен үйде отырмын. Дегенмен, ара-тұра қоғамдық көліктерге мініп тұрамын. Сондықтан, «Оңай» картасын сатып алдым. Ішіне әзірге азын-аулақ ақша салып қоямын. Мен үшін өте ыңғайлы. Кішкентай баламмен жолақысын төлеу үшін қалтамнан ақша іздеп әбігерленбеймін. Бұрын валидаторға тиынымыз болмай қалғанда, ақша майдалай алмай әуре болатын едік. Қазір «Оңайдың» арқасында ондай әурешіліктен құтылдық.

Айкерім Көпбосынова, студент:

– Мен қаланың сырт жағында тұрамын. Ал оқу орныма дейін бір ғана автобус қатынайды. Бұрын айлық жол жүру билетін алып, бірнеше автобус ауыстырып жүре беретін едім. Ал енді олай істей алмаймын. Себебі әр көлікке мінген сайын 40 теңгеден төлеуім керек. Мұның бәрі мен үшін шығын. Сондықтан қанша уақыт болса да, автобусымды күтетін болдым. Бізге бұрынғы айлық жол жүру билетінің болғаны тиімді еді.

Айлық жол жүру билетіне (проездной) қатысты сауалдар алматылық жолаушыларды жиі мазалап жүргені анық. Бұл сауалға «Алматы көлік холдингі» басшылығы бұған дейін де түсініктеме берген болатын. Олардың айтуынша, айлық жол жүру билетінің қолданыстан шығуы уақытша орын алып отырған жайт. Алдағы уақытта мұндай жеңілдігі бар жүйе «Оңай» электронды төлемінде де жасалады. Ал апта басында қала әкімі Бауыржан Байбек бұл сауалға нақты жауап берді. «Біз күн сайын бәрін бақылап отырмыз. Жұртшылықтың ең көп қоятын сауалы айлық жол жүру билеттеріне қатысты. Бұл – маңызды мәселе. Қазір біз жолаушылар есебін нақтылау үшін ғана уақыт сұраймыз. Бүгінде қоғамдық көлік тасымалы бойынша халықтың пікірі назарға алынып, жол жүру билеттері 1 наурыздан бастап қайта іске қосылады. Сонда жеті жасқа дейінгі балалар ақысыз жүреді, жол жүру билеті мектеп жасындағы оқушылар үшін мың теңге, зейнеткерлерге екі мың теңге және көп балалы аналарға екі мың теңге, студенттер үшін үш мың теңге болмақ. Сонымен қатар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдар қалада тегін жүреді. Бұл бағыттағы шығыстар жергілікті бюджет үшін қомақты қаржы», – деді елордадағы жиында Алматы қаласының әкімі.

«Оңаймен» бірге келген тағы бір ереже бар. Қаладағы барлық автобустар мен троллейбустарда тексеру жұмыстары күшейтілді. Қоғамдық көліктерде билетсіз жүргендерді тексеру үшін арнайы бақылау-ревизия қызметтері құрылды. Сөйтіп, «Алматы көлік холдингі» 400-ге жуық бақылаушыларды жұмысқа алды. Бұл да болса, екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастардың тұрақты жалақымен жұмысқа орналасуына көрсетілген қолдау болды. Бұрын жеке автобустарда «контролер» қызметін атқарғандар «Алматы көлік холдингі» бекіткен «Оңай» жүйесінің бақылаушы қызметіне орналасуына да мүмкіндік бар. Әрбір бақылаушының өз терминалы бар. Қазіргі уақытта бақылаушылардың тексерісі қатаң жүріп жатыр. Өйткені бақылаушыларға жаңа жүйені жолаушыларға түсіндіріп, бірыңғай карталарды тарату міндеті жүктелген. Сондай-ақ, бір бағыртта 3 рет тексеруге рұқсат берілген. Ал тексеруді сәт сайын жүргізбеске тағы да болмайды. Себебі қазіргі уақытта жолаушылардың 40 пайызы жолақысын «Оңай» картасымен төлесе, 30 пайызы жүргізушіге төлейді. Қалған 30 пайызы төлем жүйесіндегі өзгерісті пайдаланып, қоғамдық көліктерде тегін жүр.

Алып шаһар тұрғындарының «Оңай» электронды төлем жүйесіне қатысты пікірлері әлі күнге дейін бір арнаға тоғысар емес. Алайда электронды төлем жүйесі – уақыт талабы.  Әлемнің дамыған елдері бұл тектес жүйеге әлдеқашан көшіп кеткен. Жаңалықты жатырқай қабылдауға дағдыланып қалған біздер жүйенің оң-терісін айқындай алмадық. Бірақ бұл жүйенің пайдасы зор екені анық.

 

Әсел ӘНУАРБЕК

Редакция таңдауы

Президент әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Құрметті ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен...

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...
201216104342278e

Президент әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Құрметті ханымдар! Баршаңызды...
d95616cc5713787fca7b9ddbba6b9eb6 xl

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Бүгін Қазақстанда «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аталып өтеді. Биылғы мереке...
1 2

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша...

Жаңалықтар

Пеле: Мбаппе ізбасарым болады

Әлем футболының королі атанған Пеле болашақта өз ізін «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе басады деп болжайды. - Мбаппе менің ізбасарым бола алады және мен бұны...

Киік мүйізін Қытайға сатқандар ұсталды

Атырауда киіктің мүйізін Қазақстаннан Қытайға сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты. Топты басқарған бұрын ҚХР азаматы болған қазақ, -...

Бітімгер әйел

Елімізде әскери салада әйелдер қауымы елеулі еңбек етіп келеді. Тіптен олардың саны жыл сайын артуда. Заңгер, қаржыгер, телефонист  секілді мамандықтарды игерген. Олар ұшақты басқарып,...

Елімізде 480 адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда бір тәулікте 480 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 54, Шымкент қаласы...

Темекіні оңай тастаудың 5 тәсілі

Дүниежүзінде коронавирусқа қатысты шындыққа сай келмейтін түрлі ақпарат тарады. Осындай мифтің бірі - темекі шегетіндер COVID-19 инфекциясын сирек жұқтырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдайлар...

Президент әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Құрметті ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен...

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Бүгін Қазақстанда «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аталып өтеді. Биылғы мереке алғаш рет коронавирусқа қарсы карантин шектеулерімен тұспа-тұс келіп отыр. Атаулы күннің тарихы әйелдер...

«Маттео Пеликоне»: Қазақстан спортшылары үш алтын медаль алды

Римде күрес түрлерінен "Маттео Пелликоне" рейтингтік турнирі мәресіне жетті. Еркін күрестен Қазақстан құрамасы соңғы жарыс күнінде үш алтын, екі күміс және үш қола медаль...

Жансай Смағұлов: қолда тұрған алтыннан айырылып қалдым

Ташкентте дзюдодан әлемдік "Grand Slam" жарысында 73 келі салмақ дәрежесінде күресіп, күміс жүлдегер атанған Жансай Смағұлов алтыннан қалай айырылып қалғаны туралы айтып берді.  "Жарыс...

Дабылды ескерту жарияланды

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазгидромет синоптиктері Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің 9 облысында дабылды ескерту жариялады. 8 наурызда Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп...

Алматы облысының дәрігер қыз-келіншектері марапатталды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған көп салалы ауруханасына барып, облыстағы денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген, індетпен күресте алдыңғы шепте болған бірқатар нәзік...

Дзюдодан париждегі Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды

Дзюдодан 5-7 мамыр күндері Парижде өтуі тиіс Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) баспасөз қызметі хабарлайды.  Франция тарапының...

Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің күміс медалын иеленді

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалында бақ сынаған Қазақстан балуаны Жансай Смағұлов турнирдің күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 73 келіде сынға түскен...

Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мыналарға рұқсат етіледі: оқушылар саны 300-ге дейін контингенті...

Қарағандыда көлікте отырған арыстан туралы Экология министрлігі не дейді?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағандыда арыстанды көлігімен тасымалдағандардың оқиғасына пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Облыстық жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары бұл мәселені талқылады....

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Қазақстанда апта ішінде болған тағайындауларға шолу

Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Президенттік жастар кадр резервінің төрт өкілі басшылық лауазымға тағайындалды. 1-7 наурыз аралығында...

Ақмола облысының қыздары 4 алтын медаль иеленді

ШҚО Өскемен қаласында жалауын көтерген әйелдер арасындағы еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бәсекеде Ақмола облысының төрт қызы төрт алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық...

Қарағандыда көлік ішіндегі арыстан жұртты таңдандырды

Қарағандыда көлік терезесінен қарап тұрған арыстанның суреті БАҚ пен әлеуметтік желілерде резонанс тудырды, деп хабарлайды NewTimes.kz. Экология министрлігі бұл оқиғаның мән-жайын анықтап, арыстан Қарағанды хайуанаттар...

Индонезияда сегіз жасар бала қолтырауынның асқазанынан шығарылды

Индонезияда сегіз жасар баланың денесі қолтырауынның асқазанынан алынды, деп жазады The Sun. Берілген ақпаратқа сәйкес, баланың еш жеріне зақым келмесе де, аман қалмады. Бала әкесімен бірге...

Женевада адам құқығы туралы ең жақсы фильмдер іріктелмек

Биыл 19-шы Халықаралық кинофестиваль және Женевадағы адам құқықтары жөніндегі форум виртуалды форматта өтеді. Жыл сайын іс-шараға 40 мың көрермен қатысатын. Онымен қоса 25 елден 300-ге...

Атырауда автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой...

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

2021 жыл басталғалы бері  шамамен 120 адам жемқорлық ісіне қатысты сотты болған. Бұл жөнінде ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналында хабарланды. Cотталғандардың ішінде 28...

Экстремистік идеология жақтастарын райынан қайтару – басты міндет

Қазақстанда  жат діни ағымдарды түбегейлі ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Діни ахуалдың тереңдеуіне қауіптің  алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болуда. Бұл туралы Алматыда Абай атындағы...

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп...

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды...

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән...

Елорда асханаларының бірінде өрт шықты (видео)

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Тұрғын...

«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz. «Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау...

Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін  партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости. "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ...

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе...

Елімізде жаңа мереке пайда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа...

«Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін»: Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан...

Алматылық оқушы халықаралық математика лигасында топ жарды

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Олимпиадаға әлем бойынша...

Өр тұлғалы өңір басшысы

Күрделі кезеңдерде республикамыздың бес облысының әкімі болған, Елбасының сенімді сардарына айналған Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбегін, көзбен көріп, көңілге түйген сол облыстардың халқы әлі күнге...

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің...

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...