Ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыс күнін қысқарту ұсынылды
27 қаңтар, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыс күнін қысқарту ұсынылды
Нұр-Сұлтан қаласындағы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты жоғары оқу орындарында сабақ болдырмай, жұмыс күнін қысқартуды ұсынды.
Бүгін таратылған хабарламада: «ТЖД елордада ауа райының күрт нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан жоғары оқу орындарының студенттеріне сабақ беруді тоқтатуды; жұмыс берушілерге 27 қаңтардағы жұмыс кестесін қысқартуды және қайта қарауды ұсынады», – делінген.
Сонымен қатар, құтқарушылар қалаға барудан бас тартып, қоғамдық көлікке артықшылық беруге, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарға барудан бас тартуға кеңес берді. Елордада балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді.
«Білім басқармасы бірінші және екінші ауысымдағы 0-12 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды», – деп қосты ТЖД.