Бүгін жел күшейіп, боран соғады
Бүгін жел күшейіп, боран соғады
Қазгидромет мамандарының мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы: кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстікте және оңтүстікте жел күшейіп, боран соғады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болады, 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады, Ақмола облысында жел екпіні 30 м/с, тіпті одан да көп.
Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, желдің күші түнде 15-20, күндіз 15-20, кей жерде жел екпіні 23-28 м/с, таулы өткелдерде 30 м/с және одан да көп болады.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан да көп.
Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында боран соғып, тұман түседі, күндіз кей жерде көктайғақ болады, кей жерде 15-25 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерде 25 м/с, Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады.
Қызылорда облысының кей жерінде көктайғақ, бұрқасын болады, желдің басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерде 23 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде көктайғақ болады, боран соғады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түсіп, түнде көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысында көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Алматы облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.