Бұдан былай отбасында ойран салатындар бірден қамалады

Бұдан былай отбасында ойран салатындар бірден қамалады

Бұдан былай отбасында ойран салатындар бірден қамалады
ашық дереккөзі
Жанжал шығарып, отбасы шырқын бұзғандар енді бұрынғыдай ескерту алып немесе айыппұл төлеп құтыла алмайды. Дереу қамауға алынады. «Хабар 24» арнасының хабарлауынша,  сырбойылық полицейлер тәртібіне байланысты тіркеуге алынған азаматтардың тұрғылықты жеріне барып, заңнамадағы осындай өзгерістерді түсіндіріп жүр. 3 күннің ішінде үйінде ойран салып, әйел, бала-шағасына қоқан-лоққы көрсеткен 175 адам анықталып, толтырылған 75 әкімшілік хаттама сотқа жолданды. Бір айға созылатын «Тұрмыс» алдын алу шарасы аясында алкоголь мен есірткіге тәуелді 5 мыңнан астам тұрғынның мекенжайы тексеріледі. Облыс көлемінде өткен жылы мұндай 9 қылмыс тіркелген. Тәртіп сақшылары жазаның күшеюі отбасындағы зорлық-зомбылықты азайтуға сеп болады деп санайды. "Отбасында бір рет арыз жазса, тек сот арқылы ескерту болатын. Ол енді құқық бұзушыға әсер етпейді. Екіншіден, біршама әкімшілік істер қылмыстық іске ауыстырылды. «Тұрмыс» шарасының мақсаты – қолайсыз отбасыларды анықтау және де отбасы-тұрмыс жағдайындағы қылмыстардың алдын алу. Әйелдер мен жасөспірімдердің құқығын сақтау болып саналады", - дейді  жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Ермек Құдайбергенов.