Жаңалықтар

Түркиядағы зілзала салдарынан мерт болғандар саны 31-ге жетті

Түркиядағы зілзала салдарынан мерт болғандар саны 31-ге жетті

Түркияның шығысындағы зілзала салдарынан көз жұмған адамдар саны 31-ге жетті, деп хабарлайды AnadoluБұған дейін 29 адамның қаза тапқаны және 1466 адамның жарақат алғаны хабарланған болатын. 44 адам үйінділер астынан шығарылды.Жұмағада 6,8 балдық жер сілкінісінің ошағы Елазығ провинциясындағы Сивридже қаласында болды. Кейінірек 4 балдық 228 автершок тіркелді.  Жер асты дүмпулері Шығыс Түрік провинцияларындың Адана, Хатай, Османия, Тунджели, Газиантеп, Шанлыурфа, Малатья, Мардин, Самсун, Токат, Чорум және Кайсери қалаларында, сондай-ақ Сирияның солтүстігінде сезілді.Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу құтқарушылар үйінділерді қарап жатқанын хабарлады, олардың астынан тағы 30 адам табылуы мүмкін.