Қызылорда тұрғыны пойыз астына түсіп көз жұмды

Қызылорда тұрғыны пойыз астына түсіп көз жұмды

Қызылорда тұрғыны пойыз астына түсіп көз жұмды
ашық дереккөзі
Жолаушылар пойызы басып кеткен Қызылорданың 26 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Теміржолды кесіп өтпек болған тұрғынды «Қызылорда-Петропавл» жолаушылар пойызы басып кетті. Аталмыш оқиға 23 қаңтарда болған. Ол қаланың КБИ шағын ауданы тұрғыны екені белгілі болды. «Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындарға теміржолдың белгіленген аймағынан өту жөнінде құлағдар етіп келеді. Дегенмен оқыс оқиға тіркелді. Жолаушылар пойызы қаққан азамат оқиға орнында көз жұмды. Қала тұрғындарынан теміржолдан тек белгіленген жерлерден өтуін сұраймыз», - дейді Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ербол Әбдіраманов.