Каспий итбалығы жойылып барады

Каспий итбалығы жойылып барады

Каспий итбалығы жойылып барады
ашық дереккөзі
Каспийде мекендейтін итбалықтар саны азаюда. Гидробиология және экология институтының мамандары теңіз балықтарының жойылып бара жатқаны туралы бірнеше жылдан бері айтып келеді. Бұл туралы aikyn.kz жазды. Каспий итбалықтарын сақтау және құтқарумен айналысатын Қазақстан­дағы жалғыз мекеменің мәлімдеуінше, итбалықтар – азық-түлік тізбегінде жоғары орын алатын Каспий теңізіндегі жалғыз сүтқоректі. Ол негізінен Каспий теңізі экожүйесінің индикаторы болып саналады. Себебі қор­шаған ортадағы болып жатқан өз­герістер оның өсіміне қалай әсер ете­тінін байқай аламыз. Соңғы кезде итбалықтар ауырып, қырылып жатқа­нына қарап, теңіздің экожүйесінің бұзыл­ғанын бағамдауға болады. Бұл – алаңдататын мәселе.
– Каспий итбалықтары жойы­лып бара жатқан түр ретінде 2008 жылдан бастап Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енген. ХХ ғасырдың басында оның саны миллионға жуық еді. 2005-2012 жылдар аралығында жүргізілген антенналық зерттеулерге сәйкес, 90 пайызға азайған. Сонда бар-жоғы 100 мыңға жуығы қалды, – дейді оператор және экологиялық білім беру маманы Әсел Баймұқанова.
ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап итбалықтардың терісі үлкен сұранысқа ие. Әсіресе, жаңа туған күшік­терінің ақ терісі бағалы. Сондықтан итбалықтардың саны күрт азайып кетті. Браконьердің кесірінен тыныштығын жоғалтқан итбалықтар әлсірей түскен. Оның үстіне, теңіздің ластануынан жануарлардың иммунитеті төмендеген. Салдарынан ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында 30 мыңнан астамы өлді. Ал аман қалған аналығының тең жартысында ұрпақ жалғастығы тоқтап қалды.