Президент «Техникалық реттеу туралы» заң қабылдауды тапсырды
Президент «Техникалық реттеу туралы» заң қабылдауды тапсырды
Мемлекет басшысының пікірінше, жобаларды еселеп қымбаттату үрдісі жалғасуда, құрылыс құнының сметасын жасауда проблема бар. – Мемлекеттік органдардағы сатып алулардың 49 пайызына дейін және квазимемлекеттік сектордағы сатып алулардың 70-тен 90 пайызына дейін бір көзден жүзеге асырылады. Сатып алу барысында ерекше жағдай деп белгілеп, оны ең төменгі шекке дейін жеткізіп, бәсекенің болмауына негізделген тәсілдерді қысқарту керек. Мысалы, 8 өңірде жеткілікті түрде жеке тасымалдаушылары бар муниципалды автопарктер құрылған. Үкімет қалалық жолаушылар тасымалы саласында тәртіп орнатуға міндетті. Бұл – маңызды әлеуметтік мәселе. Орындауға екі ай уақыт беремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.