4 млн теңге пара алған әкім 40 млн теңге айыппұл төлейді

4 млн теңге пара алған әкім 40 млн теңге айыппұл төлейді

4 млн теңге пара алған әкім 40 млн теңге айыппұл төлейді
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облыстық соты аппеляциялық сот алқасының қаулысымен «Шығыс Қазақстан облысының Тұрғын үй коммуналды шаруашылық және энергетика басқармасы» ММ басшысы М.Х.Мұсатаевқа қатысты шығарылған ақтау үкімі жойылды. ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің хабарламасында: «Ол ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік награда – «Құрмет» орденінен және мемлекеттік органдарда лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылып, 40 млн теңге көлемінде айыппұл төлейді», – делінген. Айта кетейік, М.Х.Мұсатаев жергілікті тұрғыннан ЖШС-ны өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстарының жеңімпазы ретінде тану мәселесін оң шешіп бердім деп жаңылыстырып, 4 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінген болатын.