24 Қаңтар, 19:09 941 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Қытайда коронавирусты емдейтін арнайы аурухана 6 күн ішінде салынады

(200122) -- WUHAN, Jan. 22, 2020 (Xinhua) -- A medical worker takes a passenger's body temperature at Hankou Railway Station in Wuhan, capital of central China's Hubei Province, Jan. 22, 2020. Chinese health authorities announced Wednesday that 440 confirmed cases of pneumonia caused by the novel coronavirus (2019-nCoV) had been reported in 13 provincial-level regions in the country by the end of Tuesday. Strict measures have been taken to prevent the spread of the virus. A total of 15 thermal detectors have been set up in the Wuhan Tianhe International Airport, and 20 thermal detectors have been installed in three major railway stations of the city. (Xinhua/Xiao Yijiu)

Бейжіңде, Шанхай қаласы мен Хубэй провинциясында қоғамдық денсаулық саласындағы төтенше жағдайларға әрекет етудің ең жоғарғы – бірінші деңгейі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – коронавирустың өршуіне байланысты қабылданған шешім. Енді билік білім беру мекемелері мен кәсіпорындарды жауып тастап, адам көп жиналатын шараларды өткізбеуі мүмкін. Вирусты жұқтыруы мүмкін деген күдікті жағдайларда қатаң карантинді шаралар қабылдауға құқылы. Сондай-ақ көлік инфрақұрылымы нысандарында санитарлық тексеру күшейтіледі. Вирустың өршуіне байланысты қауесеттің таралуы мен бағалардың көтерілуіне жол бермеу үшін тиісті бөлімшелер мобилизациялануы да мүмкін.

Ал вирус алғаш тіркелген Ухань провинциясында небәрі 6 күн ішінде арнайы аурухана салынатын болды. Ол коронавирусты жұқтырған бір мың науқасты қабылдауға арналған. Сөйтіп барлық медициналық ресурстар бір орынға шоғырланып, науқастардың дені сау адамдармен қарым-қатынас етуі азайтылады. Уханьдағы мекеме Бейжіңдегі «Сяотаншань» ауруханасы үлгісінде салынбақ. Ол 2003 жылы атипті пневмонияның өршуі кезінде бір апта ішінде тұрғызылған болатын.

Соңғы жаңалықтар