Санкт-Петербургта денесі табылған қазақстандық подполковниктің неден көз жұмғаны анықталды

Санкт-Петербургта денесі табылған қазақстандық подполковниктің неден көз жұмғаны анықталды

Санкт-Петербургта денесі табылған қазақстандық подполковниктің неден көз жұмғаны анықталды
ашық дереккөзі
Қазақстандық ІІМ зейнеткері Вячеслав Жексеновтың өліміне зорлық-зомбылық емес, жазатайым оқиға себеп болған. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.  «Біздің дипломаттар полиция учаскесіне барып қайтты. Мәліметтердің бәрін алдық. Ол шынында да, Қазақстан азаматы. Алдын ала нұсқа бойынша, оның ажалы зорлық-зомбылықтан келмеген. Оның ұстамасы ұстап, баспалдақтан құлап қалған. Мұндай ақпаратты бізге ресейлік полиция қызметкерлері ұсынды», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында. Айбек Смадияров бұл оқиғаға қатысты ресейлік полициядан толымды мәлімет күтіліп отырғанын жеткізді. Айта кетейік, Санкт-Петербургте 62 жастағы қазақстандық ІІМ зейнеткері Вячеслав Жексеновтің мерт болғаны бұған дейін хабарланған еді. РФ Тергеу комитеті қалалық Бас тергеу басқармасының БАҚ-пен байланыс басшысының аға көмекшісі Сергей Капитоновтың айтуынша, 2020 жылдың 21 қаңтарында қаза тапқан 1957 жылы туған зейнеткердің өліміне қатысты тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүріп жатыр. «Жазатайым жағдай болған деген нұсқа бар. Ол ишемиялық аурумен ауырған. Есінен танып қалды деген болжам бар. Ол өз денесімен бірдей биіктіктен құлап, жабық бас сүйек-ми зақымын алған», -деді С.Капитонов.