Президент өз міндетін орындай алмаған шенеуніктерге көктемге дейін уақыт берді

Президент өз міндетін орындай алмаған шенеуніктерге көктемге дейін уақыт берді

Президент өз міндетін орындай алмаған шенеуніктерге көктемге дейін уақыт берді
ашық дереккөзі
Өздеріне жүктелген міндеттерді орындай алмаған Үкімет мүшелері көктемде қызметінен босатылады. Үкімет отырысында Мемлекет басшысы осылай мәлімдеді.  "Кемшіліктер жеткілікті. Мысалы, өз сөзімде айтқанымдай, халық тұтынатын ең қажетті тауарлардың бағасын өсіріп жібергені үшін қатаң шаралар қолдануға болар еді. Жалпы алғанда, сөгіс беру жақсы нәтижеге жетудің аса тиімді жолы емес. Бұл менің нақты ұстанымым. Сондықтан үкімет мүшелері мен әкімдерге кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік беріп отырмын", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жиында берілген тапсырмаларды зор жауапкершілікпен орындау қажет екенін атап өтті. "Көктемде бұл мәселеге қайта ораламыз. Сол кезде түрлі себептерге байланысты өздеріне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмағандарды қызметінен босату жөнінде нақты шешім қабылдаймыз", - деді Президент.