Карантин: Қытайдың тағы бір қаласы оқшауланды

Карантин: Қытайдың тағы бір қаласы оқшауланды

Карантин: Қытайдың тағы бір қаласы оқшауланды
ашық дереккөзі

Қытайда коронавирустың таралу аймағы кеңуіне байланысты жергілікті билік тағы бір қаланы карантинге жапты. 

Бұған дейін коронавирустың таралуына байланысты Қытайдың Ухань және Хуанган қаласы оқшауланған болатын. Аталған қалаларда  қоғамдық көліктер мен пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. Сондай-ақ, ойын-сауық шараларын өткізуге тыйым салынды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ухань тұрғындары дүрбелеңге салынып, дүкен сөрелеріндегі азық-түліктерді таласып алуда. Кейбіреулері тіпті, жаға жыртысуға дейін барып жатыр.