Бұдан былай ҰБТ-ны онлайн тіркеліп тапсыруға болады

Бұдан былай ҰБТ-ны онлайн тіркеліп тапсыруға болады

Бұдан былай ҰБТ-ны онлайн тіркеліп тапсыруға болады
ашық дереккөзі
Енді ҰБТ-ға тіркелу үшін ешқандай қағаз талап етілмейді. Талапкерлер сынақты онлайн тіркелу арқылы тапсыра алады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында жазды. «Енді біз бір де бір қағазды талап етпейміз. ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасына сәйкес тіркеу жүйемізді максималды түрде жеңілдеттік. Қандай емтихан болса да, оған ешбір құжат тапсырмай онлайн тіркелуге болады.  Осы үшін BTS digital компаниясына мың алғыс. Жемісті серіктестігіміздің нәтижесінде қаңтар айында өткен ҰБТ-дағы пилоттық жобамызда  99, 6 % қатысушылар онлайн сәйкестендіруден сәтті өтті», – деді ол.