Қазақстанның бірнеше өңірінде сабақ тоқтатылды

Қазақстанның бірнеше өңірінде сабақ тоқтатылды

Қазақстанның бірнеше өңірінде сабақ тоқтатылды
ашық дереккөзі
Ауа райының нашарлауына байланысты бүгін еліміздің бірнеше өңірде оқушылардың сабағы тоқтатылды.  Павлодар облыстық Білім беру басқармасына сілтеме жасаған ҚазАқпараттың хабарлауынша, Павлодар және Екібастұз қалаларында, Баянауыл, Май, Аққулы, Павлодар, Шарбақты аудандарында бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптарында сабақ болмайды. Желдің күші 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында қатты желге байланысты Ұлан ауданы, Тарғын ауылында, Жоғарғы Тайынты ауылында бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары оқымайды. Ақмола облыстық Білім беру басқармасының мәліметіне сәйкес, қатты бұрқасынға орай Степногрск қаласында 0-4 сыныптарда, Астрахан, Аккөл, Біржан сал, Сандықтау, Целиноград, Ерейментау, Қорғалжын, Шортанды және Егіндікөл аудандарында 0-11 сынып балалары үйлерінде қалады. Сондай-ақ, бүгін елордада 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттеріне оқу процесі тоқтатылды.