Жаңа iPhone 12 смартфонының қандай ерекшеліктері болады?

Жаңа iPhone 12 смартфонының қандай ерекшеліктері болады?

Жаңа iPhone 12 смартфонының қандай ерекшеліктері болады?
ашық дереккөзі
Биыл Apple компаниясы көптің назарына жаңа iPhone 12 смартфонын ұсынады. Гаджеттің қандай артықшылықтары мен ерекшеліктері болады деген сұраққа Macotakara интернет басылымы жауап іздеп көріпті.  Басылым дерегіне сүйенсек, Apple компаниясының жаңа өнімі қазіргі iPhone 11 Pro Max смартфонына ұқсас болмақ. Бірақ корпусы 7,4 миллиметрге жұқарады. Экраны 6,7 дюймді құрайды. Смартфон дисплейі жаңа электрлюминесцентті OLED-экранмен жабдықталады. Сондай-ақ, сарапшылар смартфон қуаты да көпке шыдайтын болатынын алға тартады.  Жаңа смартфон 6,1 және 6,7 дюйімді экранмен екі нұсқада шығады. Камерасы жетілдіріле түскендіктен, қараңғыда да, яғни жарық нашар болса да сурет сапалы сурет түсіруге қабілетті. Басылымның жазуынша, аталған деректер жаңа смартфонның толық ресми сипаттамасы емес, әзірге болжам ғана.