Шымкентте мас жүргізуші көлігімен полиция қызметкерін сүйреп кетті

Шымкентте мас жүргізуші көлігімен полиция қызметкерін сүйреп кетті

Шымкентте мас жүргізуші көлігімен полиция қызметкерін сүйреп кетті
ашық дереккөзі
Шымкент қаласында мас күйінде көлік айдаған азамат полиция қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz Жол-көлік апаты Т.Рысқұлов көшесінде болған. Алдымен Mitsubishi Galant және Audi-80 маркалы көліктері соқтығысқан. Оқиға орнына жеткен жол сақшысы Mitsubishi Galant автокөлігінің жүргізушісінен құжаттарын көрсетуді өтінген. Алайда ол құжаттарын көрсетуден бас тартып, ізін суытпақ болған.  Көліктің жүруін бөгеген полицейді қағып, оны 3 метр жерге дейін сүйреп кеткен. Құқық бұзушы сол мезетте ұсталды.